Семинарды орыс тіліне жүйелі түрде аударуды қамтамасыз еткен ХҚКК аймақтық өкілдігінің сарапшысы Винко Моцлавац мырза ағылшын тілінде жүргізді. Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери кызметшілерін әскери операциялар мен бітімгершілік операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын қарулы қақтығыстар құқығымен танысуы болды. Семинарда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Абылай-хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚХҚӘТУ) әскери кафедралардан, сондай-ақ ҚР ҚК әскери медицина орталығынан, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығынан және ҚР ҚК ҚӘ Десанттық - шабуылдаушы әскерлерінен 24 әскери қызметші қатысты. ХҚКК ұйымдастырған және өткізген бұл іс-шара қатысушыларға халықаралық гуманитарлық ұйымның қарулы қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықты еңгізудегі тәжірибесі, ең жақсы тәжірибесі мен тәсілдері туралы мүмкіндік берді. Соны мен қатар,қатысушылар проблемалық мәселелерді қоюға, бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты әр түрлі заңды тұжырымдарды талқылауға, пікір алмасуға және екі жақты ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік алды. Қарулы қақтығыс туралы заң БҰҰ бітімгершілік миссиясына барар алдында әскери қызметкерлерді оқытуда ажырағысыз әлементі болғандықтан, бұл Қазақстан Республикасы Қарулы куштерінің профессор оқытушылар құрамына, сондай-ақ «ҚАЗБАТ» және «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне өте пайдалы болды. ХҚКК өкілдері Қазақстан Республикасы Қарулы куштерінің әскери қызметшілеріне арналған осындай іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруға дайын екендігін білдірді.