Вклад женщин-миротворцев в поддержание мира

Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында Канаданың әскери атташесімен кездесу өтті, онда БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысатын әскери қызметші әйелдердің рөліне қатысты мәселелер талқыланды.



Бітімгер әйелдерді қолдау науқаны БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Қарарларының 20 жылдығына орай бүкіл әлем бойынша дипломатиялық миссиялар желісі арқылы өткізіледі. Аталған науқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні бастау алады.

Кездесуде Қазақстандық бітімгер әйелдердің бейбітшілікті қолдауға қосқан үлесін мойындау мүмкіндігі қарастырылды.



Әскери қызметші әйелдер ерекше гуманитарлық миссияны орындайды. Олар қарулы қақтығыстар құрбандарының ең осал санаттарымен жұмыс істейтін «Female engagement team» арнайы топтарына кіреді, – деп атап өтті бітімгершілік даярлық орталығы басқармасының бастығы полковник Диля Ахметова.



Осы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Қарарлары, сондай-ақ Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысты бірлескен міндеттемелер туралы декларация операцияларын жүргізу кезінде, оның ішінде әскери және полиция бітімгерлік қызметкерлері құрамында әйелдердің қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Қарулы Күштерінен штаб офицерлері мен әскери бақылаушылар ретінде төрт әйел Батыс Сахара мен Ливандағы БҰҰ-ның миссияларына қатысты.