kzc iordany1Альянс Серіктестігінің басқармасы әскери-стратегиялық серіктестік жөніндегі өзінің жыл сайынғы конференциясын Амман қаласында (Иордан Хашимит Корольдігі) өткізуді ұйымдастырды. Іс-шара 2019 жылғы 25 – 29 наурыз кезеңінде Иордания Қорғаныс министрлігімен тығыз ынтымақтастықта өтті.

Конференцияға 60 елдің өкілдері қатысты. Бұл Серіктестік саласындағы бастамаларды талқылауға арналған 9-шы конференция болып табылады. Осындай іс-шаралар Серіктестер қатарындағы қабылдаушы мемлекеттермен дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Алғашқы болып Конференция Таяу Шығыста өткізілген болатын, бұл Серіктес мемлекеттермен ынтымақтастық мәселелеріндегі Серіктес мемлекеттердің өңірлік рөлінің және Альянстың кешенді шешу шараларының маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл жыл «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» және Средиземноморский диалог бағдарламалары өзінің 25 жылдығын атап өтетінімен айтулы.

Конференция барысында НАТО және Серіктес мемлекеттерден брифингтер, жоғары лауазымды тұлғалардың баяндамалары және Серіктес мемлекеттер өкілдерінің Серіктес мемлекеттермен ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыратын түрлі Альянс штабтарының өкілдерімен салалы талқылауға қатысу мүмкіндігі ұсынылды.

kzc iordany2 Конференция барысында НАТО және Серіктес мемлекеттер орталықтарының оқу-білім беру көрмесі өткізілді. Көрме конференциямен бірге бір уақытта өтті. Альянстың оқыту және даярлау орталықтарынан, озық тәжірибе орталықтарынан, оқыту және Серіктес мемлекеттерді даярлау орталықтарынан, сондай-ақ өз қызметін оқыту және даярлау мәселелеріндегі Альянстың талаптарына сәйкес жүзеге асыратын, басқа да оқу-білім беру орындарынан өкілдер қатысты. Даярлау орталықтарының өкілдері өз білім беру орындарын ілгерілетуге және өткізіліп жатқан оқу-білім беру іс-шараларына белсенді қатысты, сондай-ақ НАТО-мен ынтымақтастық шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлауға жауап беретін әріптестеріне сараптамалық көмек көрсетті.