ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның әріптестігі және Жеке серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру Жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 11-13 желтоқсан кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында «Әскери-азаматтық өзара әрекеттестік» курсы өтті.

Курс НАТО біріккен Қарулы Күштері Басқару штабының сарапшыларының мобильді-жаттығу тобымен өткізілді. Курстың мақсаты тыңдаушыларды НАТОмен қолданылатын әскери-азаматтық әрекеттестік бойынша операцияларды даярлау мен өткізу барысындағы негізгі әістер мен рәсімдермен таныстыру болып табылды. Курсқа алдағы уақытта түрлі бітімгершілік миссияларға қатыстырылатын ҚР ҚК әскери қызметшілер тартылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әскери-азаматтық өзара әрекеттестік және үйлестіру аспектілеріне үлкен мән беріледі. Осыған орай КАЗЦЕНТке сай ұлттық сараптау шамасын құру бойынша тапсырма қойылды.