mp012018 жылдың 29 қарашасында Бельгия Королдігінің Брюссель қаласында Солтүстік-Атлант Альянсының штаб-пәтерінде Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтары Қоғамдастығының жыл сайынғы көрмесі өтті. Көрмеге Серіктестіктің бүгінде танылған 32 орталығынан 23-і қатысты. Бұл іс-шара НАТО Мектебі және трансформациялау бойынша НАТО Біріккен Жоғарғы қолбасшылығының (Обераммергау) қолдауымен ұйымдыстырылып өткізілді.

mp02КАЗЦЕНТ көрмеге тағы да қатысты және өзінің стендін ұсынды. КАЗЦЕНТтің белсенді қатысуы алдағы уақытта Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтары Қоғамдастығының шеңберінде әріптестікті өрлетудегі өзінің қызығушылығын көрсетеді. Өткізілген іс-шараға мән берген дерек – салтанаттың ашылуына НАТО Бас хатшысының орынбасары Роуз Гетемюллер ханымның және НАТО Әскери комитетінің өкілі авиация маршалы Стюарт Уильям Пичтің қатысуы.

mp03Көрме барысында КАЗЦЕНТ қатысушылар мен қонақтарды Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтар Қоғамдастығының шеңберінде өз қызметімен таныстырды, ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларын орындау сұрақтарында тәжирибе алмасты, сонымен бірге Әріптестік және Альянс мемлекеттерде әскери қызметшілерді кешенді даярлауда қолданылатын заманауи әдістер және тәсілдермен танысты. КАЗЦЕНТ ары қарай өз өкілдерін  

КАЗЦЕНТ Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтар Қоғамдастығының шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларына қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге ниетті.

mp04