2018 жылғы 3-7 желтоқсан кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) нұсқаушылары бейбітшілік пен тұрақтылықты өрлету бойынша Халықаралық орталығының (Пәкістан) және Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Коитеті өкілдерімен  «Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметіне енгізу» атты кезекті курсын өткізді.

Курстың мақсаты Қазақстан, Ұлыбриитания, Тәжікістан және Қырғызстан мемлекеттік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау бойынша операцияларда қолданылатын ережелермен, құндылықтармен және БҰҰ-ның негізгі қағидаларымен таныстыру болып табылды. Бұл курс ҚР ҚК әскери қызметшілерін бітімгершілік даярлау жүйесіне ғана  кіретін қажетті элемент ретінде емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әскери кадрларын жалпы даярлау жүйесінің элементі болып табылатыны туралы атап өту қажет.

 Осылайша, «Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметіне енгізу» кезекті курсы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия, Тәжікстан Республикасы және Қырғызстан Республикасының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін ары қарай сапалы даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ түрлі миссиясына кететін кандидаттарды әзірлеуде мемлекеттің ұлттық міндеттемелерін орындау кепілі болды.