Ағымдағы жылдың 5-6 қазаң аралығында «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығында (КАЗЦЕНТ) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігі мен Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) аймақтық өкілдігінің арасындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес «Қарулы қақтығыстар туралы заң» семинары өткізілді.

2017 жылдың 4 қыркүйегінен 27 қазан аралығында «Халықаралық әскери білім және дайындық» (IMET 2018) бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрліктері арасындағы бесжылдық ынтымақтастық жоспары шеңберінде, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (КАЗЦЕНТ) Оқу орталығында АҚШ Әскери институтының шұғыл-жаттығу тобы нұсқаушылары болды.