2018 жылғы 25 қыркүйек күні Үндістан Әскери құрлық әскерлері Әскери колледжінің және Қорғаныс басқармасы колледжі делегациясының КАЗЦЕНТ өкілдерімен «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығына танысу сапары өтті.

Ағымдағы жылғы 18 қыркүйек «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында Ливандағы БҰҰ бітімгершілік миссиясы бойынша (Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштері – БҰҰЛУК) Ұлыбритания ҚК өкілдерінің келуі жүзеге асты. Делегацияны Ұлыбритания Әскери атташесінің полковнигі Эндю Хoлтон басқарды.

2018 жылғы 17-21 қыркүйек кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) базасында АҚШ ҚМ халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының нұсқаушыларымен «БҰҰ эгидасы астында бітімгершілік операцияларын өткізу барысында адам құқықтарын сақтау» семинары өткізілді. Семинар орыс тіліне аударумен ағылшын тілінде жүрді.

2018 жылғы 03 тамыз күні КАЗЦЕНТ базасында Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) өкілдігінің өңірлік өкілдерінің кездесуі өткізілді.

2018 жылғы 18 шілдеде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығында Ұлыбритания ҚК сарапшыларымен «Оңтүстік Судандағы
БҰҰ бітімгершілік операциясына Ұлыбритания ҚК-нің қатысуы» тақырыбына баспасөз маслихаты өткізілді.

Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимыл жоспарына сәйкес, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының нұсқаушылары 2018 жылдың 4-8 маусым аралығында «Бейбітшілікті қолдау операцияларының құқықтық аспектілері» атты кезекті курсын өткізді.

2018 жылдың 14-24 мамыр аралығында «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Құрама Штаттар мен Ұлыбританияның сарапшылары арасында ақпарат алмасу өтті. Іс-шара «Дала қыраны - 2018» арнайы тактикалық бітімгершілік оқу-жаттығуларына дайындық аясында ұйымдастырылды.

2018 жылдың 20-22 сәуір аралығында Туран университетінде төртінші халықаралық «Turan Model United Nations 2018» конференциясы өтті. Конференция БҰҰ-ның академиялық ықпалы бағдарламасы аясында «Тұран» университетінің басшылығымен ұйымдастырылды.

2018 жылдың 9-21 сәуір аралығында капитан Р.Шакеева «БҰҰ тоғызыншы әйел әскери қызметкерлер» курсына қатысты.

НАТО-да бекітілген «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 17-19 сәуір аралығында Әзірбайжан республикасының Баку қаласында «Деректер қорын қолдану» курсы өткізілді.