А.ж. 10-14 желтоқсан кезеңінде Алматы қ. «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығында (КАЗЦЕНТ) «БҰҰ штабтық офицерлері» және «Азаматтық тұрғындарды қорғау» курстары аяқталды.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның әріптестігі және Жеке серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру Жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 11-13 желтоқсан кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында «Әскери-азаматтық өзара әрекеттестік» курсы өтті.

2018 жылғы 3-7 желтоқсан кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) нұсқаушылары бейбітшілік пен тұрақтылықты өрлету бойынша Халықаралық орталығының (Пәкістан) және Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Коитеті өкілдерімен  «Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметіне енгізу» атты кезекті курсын өткізді.

2018 жылдың 29 қарашасында Бельгия Королдігінің Брюссель қаласында Солтүстік-Атлант Альянсының штаб-пәтерінде Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтары Қоғамдастығының жыл сайынғы көрмесі өтті. Көрмеге Серіктестіктің бүгінде танылған 32 орталығынан 23-і қатысты. Бұл іс-шара НАТО Мектебі және трансформациялау бойынша НАТО Біріккен Жоғарғы қолбасшылығының (Обераммергау) қолдауымен ұйымдыстырылып өткізілді.

2018 жылғы 25 қыркүйек күні Үндістан Әскери құрлық әскерлері Әскери колледжінің және Қорғаныс басқармасы колледжі делегациясының КАЗЦЕНТ өкілдерімен «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығына танысу сапары өтті.

Ағымдағы жылғы 18 қыркүйек «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында Ливандағы БҰҰ бітімгершілік миссиясы бойынша (Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштері – БҰҰЛУК) Ұлыбритания ҚК өкілдерінің келуі жүзеге асты. Делегацияны Ұлыбритания Әскери атташесінің полковнигі Эндю Хoлтон басқарды.

2018 жылғы 17-21 қыркүйек кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) базасында АҚШ ҚМ халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының нұсқаушыларымен «БҰҰ эгидасы астында бітімгершілік операцияларын өткізу барысында адам құқықтарын сақтау» семинары өткізілді. Семинар орыс тіліне аударумен ағылшын тілінде жүрді.

2018 жылғы 03 тамыз күні КАЗЦЕНТ базасында Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) өкілдігінің өңірлік өкілдерінің кездесуі өткізілді.

2018 жылғы 18 шілдеде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығында Ұлыбритания ҚК сарапшыларымен «Оңтүстік Судандағы
БҰҰ бітімгершілік операциясына Ұлыбритания ҚК-нің қатысуы» тақырыбына баспасөз маслихаты өткізілді.

2018 жылдың 14-24 мамыр аралығында «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Құрама Штаттар мен Ұлыбританияның сарапшылары арасында ақпарат алмасу өтті. Іс-шара «Дала қыраны - 2018» арнайы тактикалық бітімгершілік оқу-жаттығуларына дайындық аясында ұйымдастырылды.