Бұл курс алдыңғы UNSOC курстарының логикалық жалғасы болып табылады және алдына жаңа сынақтарға жауап табуды мақсат етіп қояды, және соның салдарынан қатысушылардың көп бөлігі БҰҰ бар миссияларының шеңберінде көп ұлтты ортада жұмысқа тәжірибелік тәсілдің базалық білімі мен артықшылығын пайдаланулары үшін оқыту тапсырмаларын аяқтау.

Бұл курс әскери қызметшілерді, басқа да күш құрылымдарын, сонымен бірге азаматтық персоналды әр түрлі деңгейдегі БҰҰ штабтарында тиімді жұмыс істеуге оқыту мақсатында бұрынғы орналастыру кезеңінде жүргізіледі. Әскери штабтық офицерлерді даярлау бағдарламасы орналастыру алдында өзіне әскери штабтық офицерлер үшін негізгі оқыту материалдарын және мамандандырылған оқу материалдарын қосады. Оқу жоспары «SWEDINT» бірлескен күштерімен әзірленген және өзіне БҰҰ БҚБД ұсынылған оқу материалдарының жақындағы түзетүлерін қосады.

Курстың мақсаты

Бұл курстың мақсаты БҰҰ бітімгершілік миссияларында түрлі деңгейдегі штабтардағы жұмысқа жалпы әскери тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында, БҚБД/ДҚД оқу стандарттарын қамтамасыз ету жолымен Қазақстанды, сондай-ақ Орта Азия елдерін сияқты өрістету алдында даярлық бойынша ұлттық күшке қолдау болып табылады. Сонымен қатар бұл курс Бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ түрлі операцияларында өрістетілетін ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілерін жан-жақты даярлау үшін арналған.

Курстың аяқталуынан кейін қатысушылар танысады:

  1. Көп ұлтты штабтардағы БҰҰ бітмгершілік миссиясындағы офицерлер қызметіне деген талаптармен;
  2. Әрбір бітімгер сақтайтын негізгі қағидалар мен жүріс-тұрыс нормаларымен және тәртіппен;
  3. БҰҰ бітімгершілік миссиясындағы түрлі компонеттер арасындағы әскери-азаматтық серіктестіктің негізгі сәттерімен;
  4. Нәсілге, жынысқа, этникалық тиістілікке, дініне немесе мәдениетіне қарамастан адамдарға бірдей қарауға үйрететін кемсітілушілік емес қағидалармен;
  5. Бітімгерлердің тәртіптік жауапкешлігімен;
  6. Күштерді қолдану Ережелерінің негізгі заңды құжаттарымен және рәсімдерімен;

Курстың аяқталуы бойынша қатысушылар білуі тиіс:

  1. Тиісті құжаттар мен материалдарға қалай жол ашу керек, қалыпты жұмыс жағдайларында БҰҰ тактикалық деңгейінде әскери компонентпен штабтарда шешім қабылдау Барысын жүзеге асыратын штаб офицері сияқты әрекет етуді;
  2. Тиісті құжаттар мен материалдарды қалай ұсынуды, Әскери, БҰҰ полициясы және көптеген азаматтық ұйымдар немесе бейбітшілікті қолдау бойынша оперциялар өткізу аймақтарындағы қатысушылар сияқты түрлі миссия компонеттер арасындағы қажетті серіктестік туралы өз сөзімен түсіндіруді;
  3. Тиісті құжаттарға және материалдарға қалай жол ашу керек, азаматтық тұрғындарға аса назар аудара отырып, әскери операцияларды жоспарлау бойынша түйінді талаптарды анықтау.

Оқыту тілі

Ағылшын; Орыс

Оқыту әдісі

Құрамдас оқыту әдісі – аудиторияда (оқытушы-нұсқаушы) және орындарда (мобильді-жаттығу топтары)

Курс жүреді

2014 жылғы 11 тамыздан бастап

Курстың ұзақтығы

10 –15 оқу күндері

Курсты өткізуді жоспарланған күні

2019 жылғы 12-23 ақпан (Ағылшын тілінде)

Аудитория

Курс БҰҰ бітімгершілік операцияларында өркендетуге жататын әскери қызметшілер үшін оранлған. Штабтың әскери офицерлері аяқталған ұлттық базалық курс болуы керек. Курс НАТО, БЖС, Жерорта теңізі диалогы, Ыстамбұл серіктестік бастамасы және алдында бекітілгендей басқа да елдер үшін ашық.

Курстағы тыңдаушылардың максималды саны
КАЗЦЕНТте: 25
Мобильді-жаттығу тобы: өзгермелі

Құпиялық деңгейі

Құпия емес

Байланыс ақпараты

Борис Б.Полупанов мырза, майор

Курс директоры

polupanov.boris@gmail.com