Бұл курс презентацяларды, бейнероликтерді, топтық талқылауларды және оқу сценарийлерін үйлестіру арқылы жүргізіледі. Топтар сценарийлер негізінде мәселелерді шешіп отырады және шешімдерін пленарлық отырыстарда ұсынады. Біріктірілген миссияларда жұмыс істеу үшін тыңдаушыларды даярлау мақсатында, топтар үшін сценарийлер аралас болады.

Курс тактикалық деңгейде Азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша үш модульден тұрады. Модульдер БҰҰ бейбітшілікті қолдау бойынша Бітімгершілік операциялар департаментінің біріктірілген қызметімен құрастырылған. Курстың барлық материалдары БҰҰ-мен бекітілген және азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша мандатпен БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлаған кандидаттар үшін міндетті.

Курстың жалпы мақсаты – әскерилердің, полиция және азаматтық қатысушылардың (рота-батальон деңгейінде) азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша Тұжырымдамамен, сонымен қатар осал топтағы тұрғындардың жағдайын жақсартатындай болуға және оларды залалдан қорғауды, әлемді қолдау бойынша көп ұлтты операцияларда жұмыс істеуді үйрету.

Курс Бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларға қатысу үшін әскери бақылаушылар немесе әскери қызметшілер контингенті ретінде (немесе маңызы бірдей азаматтық персонал) жоспарланған қатысушыларды даярлайды. Сондай-ақ, қатысушылар нақты қауіп-қатерлерді, сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының құқығы мен мұқтаждықтарын түсіндіре алады, тактикалық деңгейде оларды залалдан қорғау үшін тиімді және тиісті тәсіл таба алады. Азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша курсын БҚБД БҰҰ миссиясына өрістету алдында міндетті курс ретінде қолдайды.

Оқыту мақсаттары

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:

  • біріктілген миссияның тұжырымдамасын, сонымен бірге миссияның барлық элементтерінің міндеттерімен түрлі рөлдерін түсіндіре алады;
  • қалай және не үшін Азаматтық тұрғындарды қорғау (АТҚ)
    БҰҰ бітімгершілік қызметі үшін басым мақсатқа айналғанын және азаматтық тұрғындарды қорғай алмау миссияға және тұтас БҰҰ-на сенбеушілік тудыруы мүмкін;
  • АТҚ бойынша мандаты бар БҰҰ миссиясы кімді және нені қорғайтыны туралы түсіндіре алады;
  • Азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша бітімгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіре алады.

Оқыту тілі

Ағылшын; Орыс

Оқыту әдісі

Нұсқаушылар басшылығымен оқыту

Курс өткізіледі

2016 жылғы 13 маусымнан бастап

Курстың ұзақтығы

5 оқу күні

Келесі курстың өткізілу мерзімдері

2019 жылғы 10-14 желтоқсан (курс ағылшын тілінде)

Аудитория

Қазақстандық және өңірлік мемлекеттік органдардың қызметкерлері. Бұл курс НАТО, БЖС, Жерорта теңізі диалогыны, Ыстамбұл серіктестік бастамасы және алдында бекітілгендей басқа да елдер үшін ашық.

Курсқа қатысушылардың максималды саны

КАЗЦЕНТте: 25 адам

Мобильді-жаттығу командалары: өзгереді

Оқуқұны

€ 0,00

Құпиялық деңгейі

Құпия емес

Байланыс ақпараты

Радик М. Закиров мырза, подполковник

Курс директоры

radik.zakirov@gmail.com