Бұл курстың оқу бағдарламасы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен және Халықаралық құқықтық зерттеу институтымен бірлесіп әзірленген. Курстың бағдарламасы тыңдаушылардың күнделікті қызметте бітімгершілік миссияларда табысқа жету үшін негізгі құқық ережелерін қолдану қажеттілігімен және бітімгершілік операцияларында қолданылатын халықаралық негіздермен танысуға есептелген. Сонымен бірге бұл курс Халықаралық Қызыл Крест Комитеті және үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің рөлімен маңызы туралы көрініс береді.

Бұл курстың мақсаты Халықаралық гуманитарлық құқық, Адам құқығы бойынша халықаралық құқық, Босқындардың және ішкі ауыстырылған тұлғалардың халықаралық құқығы, Халықаралық қылмыстық құқық ережесін қолдану тәжірибесін және білімді арттыру болып табылады, сонымен бірге бітімгершілік операциялар барысында қолданылатын ұлттық заңдарды білу.

Оқыту мақсаты

Курстың аяқталуы бойынша тыңдаушылар:

- БҰҰ бітімгершілік операцияларында қолданылатын негізгі құжаттардың маңызды ережелерін атай алады;

- бітімгершілік операциялар сценарийін қарау кезінде туындайтын маңызды құқықтық сұрақтарды атап, талдай алады;

- бітімгершілік оперциялардың негізгі компоненттерінің құқықтары мен міндеттерін (әскери, полиция, азаматтық) біле алады;

-бітімгершілік миссияда әскери құрамның кездесіп қалуы мүмкін ойламаған жағдайларды және ықтимал қиындықтарды атай алады;

- бітімгершілік операцияларда қолданылатын әрбір бітімгер басшылыққа алуы тиіс түрлі заң салаларын түсіне алады;

- Халықаралық құқықтың базалық білімін алу, бұл тыңдаушыларға алдағы уақытта осы салада өз мүмкіндіктерін өсіруге және жетілдіруге мүмкіндік береді;

- әр бібітімгер БҰҰ бітімгершілік миссиясындағы рөлі мен үлесін түсіну керек.

Өткізу тілі

Ағылшын; Орыс

Курсты өткізу нұсқасы және әдістемесі

Аралас нұсқа (нұсқаушының басшылығымен дәрістер және таныстырылымдар), және қашықтағы (мобильді-жаттығу топтарын қолданумен).

Курс жүргізіледі

2015 жылдың 12 қазанынан бастап

Курстың ұзақтығы

5 күн

Курсты өткізу үшін жоспарланған күні

2019 жылғы 4-8 маусым

Аудитория

Қазақстандық және өңірлік мемлекеттік органдардың қызметкерлері. Бұл курс НАТО, БЖС, Жерорта теңізі диалогыны, Ыстамбұл серіктестік бастамасы және алдында бекітілгендей басқа да елдер үшін ашық.

Тыңдаушылардың ең жоғары адам саны

КАЗЦЕНТте: 25

Ұтқыр-жаттығу топтары: өзгереді

Оқу құны

€ 0.00

Құпиялық деңгейі

Құпия емес

Байланыс ақпараты

Радик М. Закиров мырза, подполковник
Курстың директоры
radik.zakirov@gmail.com